Меркілік жас ақын-Бек Байтас Бірінші мәрте жаздым диалог өлеңді. Қатты сөкпеңіздер. Бағалаңыздар 0-10. Махаббат хикаяты. -Сәлем жаным! Қалай сенің жағдайың! -Шүкір жақсы! Өзіңсің тек бар уайым. Тірімісің? Жоқ боп кеттің қанша күн. Бір күндері жоғалтып мен алмайын. -Иә, ботам жүрмін менде күн кешіп, Дертімменен бойымдағы үндесіп. -Тоқта тоқта! Ол қандай дерт тағы да Айтшы жаным, жеңейік біз бірлесіп -Бұл айықпас ауру екен сорлатқан Дәрігер кеп диагнозды орнатқан. Хабарласпай кеткеніме ренжіме, Қайғы мені қажытты кеп боп жатқан. Аурухана үйім болды екінші, Сыртқа қарап қоям кейде тор жақтан. Сағынған соң қатты-қатты өзіңді Қашып шықтым жаңа ғана сол жақтан. -Ренжімеймін, салынбашы уайымға, Мойымашы өтінемін, тайынба. -Жақындары жасатамын мен ота -Сен өзіңді сол отаға дайында, ----Деп нәзік қыз құшақтады жігітін, Жыламады түспесін деп құны тым -Қайта қойшы, аурухана жаққа сен Сөнбесінші бұл өмірге үмітің... Жігіт қайтты қос жанары жасаурап, Өмір деген көнбейтұғын асау бақ Ота күні жақындады мінекей Жүрегіне өзгерістер жасалмақ. Қызын күтіп терезеге телмірді, Келмеді деп іштей өзін сендірді. -Ауру жанды қайтсін олда пенде ғой Керексізбін,- деп өкініш жеңдірді. Ота сәтті шығарма екен белгісіз, -Ауыр болад айтса адам сенгісіз Қолыңызды қойыңызшы қағазға, Мүмкін тірі болмауыңыз енді сіз Деп дәрігер алды рұқсат жігіттен, Ештеңе жоқ қыз сыйлаған үміттен. Көзін жұмып жатыр ота үстелде Еш қимылсыз, жүректегі сынықпен. Бір ай өтті... Көз ашылды қырағы, Есін жинап, жігіт лезде тұрады. -Неше уақыт ұйықтадым дәрігер? Менің қызым келді ме?-деп сұрады. -Жинап алшы бауырым-ау күшіңді, Бір ай жаттың білдіртпей еш ісіңді. Қызың келіп, кетіп қалды алысқа, Деп қысқаша дәрігер хат ұсынды Жігіт қыздың тастағанын түсінді... Хатты жыртып, ашты бірден жалма-жан, Дірілдеп тұр қолдары күш қалмаған. Хатты оқып жылап отыр көздері, Көздерімен жылап отыр бар ғалам. Хат: "Сәлем жаным, қалайсың тәуірмісің, Сені ойлап жүрегім ауырды шын. Қимай кетіп барамын өзіңді мен, Тапқандаймын мен жаным, жарымды шын. Сұрап алдым дертіңді дәрігерден, Жүрегіңде ақау барын тағы білгем. Сен де менде қанша қалап тұрсақ-дағы, Қайта келе алмаймын бәрібір мен. Біз екеуміз бақытты аңсап тілеп келдік, Жүрегіміз бір болса деп тілекке ендік. Тілегіміз мінекей қабыл болды, Кеудеңізде соғып тұрған жүрек мендік..." Жанарынан тамшы жас құлай берді, -Тапсырдым сені ботам Құдайға енді. Деп күбірлеп қайта-қайта ғашық жігіт, Кеуде тұсын қысып алып жылай берді, жылай берді...

Теги других блогов: продвижение SEO Google